2017 жылдың 24 тамызында Сүлеймен Ақдрашев тірі болса 25 жасқа толар еді. Сонау бала кезінде күрделі ота жасалған жүрегі ақпанның суық түнінде тоқтап қалды. Жұмыс күнінен шаршап келген ол сол кезде Теңіздегі NSS компаниясының вахталық қалашықтарының біріндегі өз бөлмесінде ұйқыға кеткен еді...
Төрт баланың ішінде бала кезден бастап қоршаған ортаға деген ерекше мейрімімен ерекшеленетін. Оны ересектер де, құрдастары да Суло деп атайтын. Жақсы білім алып, 4 тілді еркін меңгерген ол әкесінің кәсібінің бір бөлігін өз мойнына жүктеп алған азамат болса да, өмірде кез келген сұхбаттасушысын мұқият тыңдай білетін және өз ойымен бөлісе алатын қарапайым жігіт болып қалды. Мейірім төккен көздерімен әлемге күлімсірей қарайтын бейнесі есте қалды. Ал ол шырқаған «О, море, море» («Синяя вечность») әні – оның жан-дүниесіне үндескен сүйікті әні болатын...