Атырау, 26 қараша 13:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Науқастар көп, орын аз

Бейнежазба
8 316 просмотра


«АЖ» редакциясына жаңа №2 облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне жедел жәрдемменмкелген науқастарды жататын орын жоқтығынан кері қайтарып жатыр деген бірнеше телефон арқылы шағым түсті. Сондай-ақ, бұл ғимараттың іші салқын екен.

№2 Атырау облыстық ауруханасы директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Надя ЕРҒАЛИЕВА бұл проблемалардың бар екендігін жасырмады. Бүгінде 60 орындық инфекциялық бөлімде 138 адам ем алып жатыр. Қабылдау бөліміне күніне қызуы көтерілген, тыныс алу мүшелері қабынған 100-ге жуық науқас келеді.

Біз бұл жағдайдан шығудың жолдарын табуға тырысып жатырмыз. Жұқпалы аурумен ауыратындарға күндізгі ем алу бөлімін және дәрігерлер бөлмесіне кереуеттер қойып, орналастырдық. Қазір дәліздерде тұрған кереует жоқ. Біз, мәселен, жоғары температурамен баланы үйіне қайтара алмаймыз ғой. Ал ересектерге келсек, қабылдау бөлімінде алғашқы жәрдем көрсетіп, жағдайына қарап, кейбіреулерін үйлеріне жібереміз. Олар жергілікті жерлеріндегі емханалардан ем алады,- дейді  Ерғалиева. – Қазір суық тиіп ауыратын маусым, науқастар учаскелік дәрігерлерді үйге шақырта алады.
№2 облыстық аурухана директорының орынбасарыАзамат ЕРБОЛОВ ғимараттағы ауа температурасының төмендігін құрылысшылардан кеткен кемшіліктермен байланыстырады: - Аурухана құрылысы ұзақ және қиын жүргенін білесіздер. Жылыту жүйесінде ақаулар табылды, күн жылынған соң жөнделеді. Жақында болған аяз кезінде расымен де салқын болды. Қазір температура қалыпқа келді.  


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Сурет пен бейнежазбаны оқырмандар жіберді

11 ақпан 2018, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.