Атырау, 26 қараша 13:47
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтауға "тегін" қоңырау

2 785 просмотра


«АЖ» редакциясына Атырау қаласының тұрғындарынан «жедел жәрдемге» телефон соға алмай отырғандары жөнінде көптеген шағымдар түсті. Олардың айтуынша, шалған қоңыраулары бірде Маңғыстау облысының дәрігерлеріне түссе, бірде мүлде бос емес болған.

Гүлмира ОМАРОВА:

- Қыздарымның қызуы түспей, жедел жәрдем шақырттым, телефондары үнемі бос болмады, соғынан мүлдем алмай қойды. Тек бір сағаттан кейін ғана қоңырау шала алдым.

Байланыста болған проблемаларды «Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ҚМКК бас дәрігері Гүлнафис ТАНБАЕВА да растады:

- Бұл байланыстағы ақаулықтарға байланысты орын алды. Маңғыстау облысындағы әріптестеріміз өздеріне түскен ақпараттарды бізге жібереді.

Бұл туралы «Кселл» ұялы телефон компаниясы былай түсінік берді:

«103» номерін Ақтауға қате бағыттау Атырау қаласындағы байланыс жүйесі параметрлерін өзгерту бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде болған. Өкінішке орай, ұялы байланыс желісін кері баптау кезінде техникалық ақаулар болып тұрады. Бұл жағдайға байланысты Атыраудағы барлық ұялы байланыс желілері мұқият тексерілді.

Фархат ӘБІЛОВ

10 ақпан 2018, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.