Атырау, 14 желтоқсан 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Америка ядролық қаруын бұрын-соңды болмағандай күшейтпек

2 089 рет қаралды


Ядролық әлеуетін модернизациялау барысында АҚШ өзіне және одақтастарына кез келген шабуылға төтеп беретін қуатты қаруға ие болмақ. Бұл туралы бейсенбіде Жапонияның Иокота қаласындағы америкалық Әуе әскери күштері базасында сөз сөйлеген елдің вице-президенті Майк Пенс мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС. 

"Ядролық әлеуетті модернизациялау барысында стратегиямызда икемдеп, біздің ұлтқа, халқымызға және одақтастарымызға бағытталған кез келген стратегиялық шабуылды тойтаратын ядролық қуатымыз болатынына сенсеңіздер болады", - деді Пенс. 

6 ақпанда The National Interest басылымы АҚШ билігі Мәскеудің ядролық соққы жасау қаупін жете бағалап отырған жоқ деп жазған. АҚШ-тың жақында жарияланған ядролық доктринасында басты қарсылас ретінде Ресей мен Қытай көрсетілген екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 ақпан 2018, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.