Атырау, 29 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Олимпиада өтіп жатқан Пхёнчхандағы вирус: Мыңнан астам адам жұмыстан шеттетілді

2 193 просмотра


23-ші қысқы Олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын жеке компанияның 1000-нан астам қызметкері норовирус салдарынан қайтарылды, деп хабарлайды AFP агенттігі. 

 Жексенбі күні шеттетілген 1200 күзетшінің 41-інің іші өтіп, құсқан. Олар ауруханаға жеткізіліп, көпшілігіне «норовирус» деген диагноз қойылған. Норовирус - ластанған тамақ пен су арқылы берілетін ауру түрі. 

Ойынның ұйымдастыру комитетінің өкілі AFP агенттігіне 1200 күзетшінің жұмыстан шеттелуге мәжбүр болғандығын және олардың орнына 900 сарбаздың келгендігін хабарлады. 

Соңғы дерек бойынша, денсаулық сақтау министрлігі вирустың қайдан шыққандығын тексеріп жатыр.

Агенттік ерекше атап өткендей, күзет компаниясының барлық қызметкерлері Пхёнчхандағы жастар орталығында, Олимпиада ойындарына қатысушылардан бөлек тұрып жатқан.  

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2018, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.