Атырау, 26 қараша 14:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бүкіл санкцияны жаңа сот береді

Сурет Бейнежазба
3 554 просмотра


Өткен жылы сотқа 1989 қылмыстық іс түсті. Бұл ретте ауыр қылмыстар өсімі байқалады. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА (суретте ортада) хабарлады.

Үкім шығарылған 1026 іс қаралды, 293 сотталушы нақты бас бостандығынан айыруға, 151 сотталушы шартты жазаға тартылды. Ақтау үкімінің саны баяу болса да өсуде: 2016 жылы олардың саны 13, 2017 жылы 19 болды. Бұдан басқа, ымыраласу рәсімінің саны едәуір өсті: өткен жылы медиатордың көмегімен 544 қылмыстық іс тоқтатылды. Прокурорларға заң бұзушылықтарды жою үшін 39 іс қайтарылды.

- Бүгінде жиі тағайындалатын жазалар шарасы – бас бостандықты шектеу, айыппұл, мәжбүрлі қоғамдық жұмыстар, - дейді Т. Уәлиева.

Содан соң облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Манат КОМИРШИНОВ сөз алды:

- Жыл сайын азаматтық талап арыздар саны өсуде, бұл біздің ойымызша, сот жүйесіне халықтың сенімінің артқанын білдіреді. Өткен жылы 20 мыңнан астам азаматтық істер қаралды.

Комиршиновтің айтуынша, 2017 жылы жұмысқа қайта алу туралы 236 талап арыз қаралып, оның 91-і қанағаттандырылған.

«АЖ» сұрақтары:

- Сіздегі жұмыс мөлшері қандай?

- Бізде де жұмыс мөлшері көп. Айына 40-45 істен келеді, - деп жауап берді Комиршинов.

- Осы жылдан бастап санкцияның барлық түрін, соның ішінде, тергелушілердің мүлкіне тыйым салу, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға санкцияны тек судья ғана береді. Бұл онсыз да үлкен жұмыс мөлшерін көбейтпей ме?


Сұраққа Атырау облысының соттар әкімшісі Гүлжан ЖҰМАҒАЛИЕВА жауап берді:

- Президент жарлығымен мамандандырылған тергеу соты құрылды. Санкцияның барлық түрін сол беретін болады. Атырау облысында тергеу соты құрылды және өз жұмысын 2018 жылдың 1 наурызынан бастайды. Ол екі құрамда болмақ: төраға және судья.


Фархат ӘБІЛОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 ақпан 2018, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.