Атырау, 14 желтоқсан 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Дағыстан үкіметі отставкаға кетті

2 691 рет қаралды


Дағыстан басшысы міндетін уақытша атқарып отырған Владимир Васильев республика үкіметін отставкаға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МИР24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Дағыстан Республикасының үкіметі отставкаға жіберілсін. Республика үкіметінің төрағасы міндетін уақытша атқару Карибов Анатолий Шамсутдиновке жүктелсін. Республика үкіметіне жаңа үкімет жасақталғанға  дейін өз қызметін орындауды жалғастыру тапсырылсын», - делінген жарлықта. 

Жарлық қол қойылған 5 ақпаннан бастап күшіне енді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Дағыстанға заңнамалардың орындалуын тексеру үшін Мәскеуден арнайы комиссия келген болатын. 

Тексеріс барысында Махачқаланың мэрі Мұса Мұсаев, Дағыстан астанасының бас сәулетшісі Магомед-Расул Гитинов тұтқындалды. Кеше РФ Тергеу комитеті Дағыстан үкіметі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Абдусамад Гамидов, оның орынбасарлары - Шамиль Исаев, Рюдин Суфов, республиканың бұрынғы білім министрі Шахабас Шахов және тағы басқалар ұсталғанын мәлімдеді. Олардың барлығына әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.  

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.