Атырау, 14 желтоқсан 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Samsung басшысы бостандыққа шықты

1 881 рет қаралды


Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, апелляциялық сот оған шартты түрде жаза тағайындады. Осылайша, Ли Чжэ Ён екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Еске сала кетейік, 50 жастағы Ли Чжэ Ён 2017 жылдың 17 ақпанында ұсталған болатын. 

Оған бес айып тағылған еді. Прокуратура өкілдері компания басшысын 12 жылға қамауға алуды сұраған еді, бірақ сот оны 5 жылға қамауға алу шешім шығарған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 ақпан 2018, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.