Атырау, 25 сәуір 20:36
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астымда шанам сырғанап...

Сурет Бейнежазба
7 116 просмотра

Ретро парк саябағында шанамен сырғанап жарысудан облыстық отбасылар чемпионаты өтті. «Shana go!» деп аталған отбасылар сайысына жетпіске жуық бала ата-аналарымен қатысты.

Ануар ЖҰМАБАЙДЫҢ айтуынша, «Shana go!» жаңа мекеменің алғашқы тұсаукесер шарасы.

Алғашқы шара демеушілік көмекпен басталды. Қатысушыларға алдын ала өз шаналарымен келу керектігі хабарланды. Бүгінгі шарада ынталандыру сыйлықтарын жасайтын боламыз. Мәдени көпшілік шаралардың көбісі наурыз айына қойылған. Басты мақсат ретро паркті көпшілік көңіл күй көтеріп демалатын демалыс орнына айналдыру, - дейді А. Жұмабай.

Марина, қатысушы: Мен бес баламен келдім. Бізге мұз сарайы да қашық орналасқан. Орталықта осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, қуана-қуана келеміз.

Жарыстың жүйріктері уақыт есептеу арқылы ұлдар мен қыздар арасында бөлек анықталды. Жеңімпазға шана, екінші орындарға қаладағы ойын орталықтарының біріне тегін кіру билеті, үшінші орынға «Ертегілер жинағы» кітабы табыс етілді. Сонымен бірге Ретро паркке әдемі шанамен келген қатысушыға «Көрікті шана» номинациясы берілді.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

5 ақпан 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.