Атырау, 29 наурыз 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Әлеуметтік желіде өзге мемлекеттерді балағаттаған азамат 31 жылға сотталды

1 591 рет қаралды


Кувейт азаматы Абдалла ас-Салех Сауд Арабия, Бахрейн және БАӘ сынды мемлекеттерді әлеуметтік желіде балағаттағаны үшін 30 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ас-Салех Twitter және YouTube желілерінде Сауд Арабиясы, Бахрейн және БАӘ сынды мемлекеттерге қарсы жазбалар жазып, видеолар бөліскен.

«Қылмыстық сот Абдалла ас-Салехты Twitter желісіндегі жазбасы үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Осылайша оған кесілген жалпы жаза 31 жылға жетті», — деп жазады басылым.

Сот айыпталушы Ұлыбританияға қашып бара жатқан кезде, яғни өзі жоқта үкім шығарды. Gulf Digital News интернет-басылым ас-Салехтың Британия билігінен саяси баспана сұрағанын жазды.

Дереккөз: Baq.kz

5 ақпан 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.