Атырау, 29 қараша 11:53
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Мальдив Республикасындағы саяси ахуал ушықты

1 183 просмотра


Мальдив Республикасындағы саяси ахуал ушығып барады. Елдің жоғарғы соты президент Абдулла Яминді биліктен аластатпақ. 

Өйткені ол оппозициялық топты жақтайтын депутаттарды босатуға қарсы шыққан. Дегенмен мемлекеттің бас прокуроры жоғарғы соттың мұндай шешім шығаруға құқығы жоқ екенін жариялап, әскерилер мен халықты сот төрелерінің сөзіне құлақ аспауға шақырды.  

Айта кету керек, бүгінде Малдивте билік үшін талас-тартыс күшейген. Бірер күн бұрын жоғарғы сот қамауда отырған бұрынғы президент Мохамед Нашидті айыптан ақтып, бостандыққа шығарды. Енді ол биыл өтетін президент сайлауына қатысуға құқылы. 

Сонымен қатар сот оппозицияның қамауда отырған 12 депутатын босатып, барлығына өз мандаттарын қайтарды. 

Сарапшылардың айтуынша, оппозициялық блоктың парламенттегі басымдығы артты. Енді олар президентке импичмент жариялауы да ғажап емес.

Дереккөз: 24.kz

5 ақпан 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.