Атырау, 14 желтоқсан 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

АҚШ-та пойыздар соқтығысты: 2 адам қаза тауып, 116-сы зардап шекті

2 960 рет қаралды


АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында аса ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды ABC News. Штат губернаторы Генри Макмастердің айтуынша, Amtrak компаниясына қарасты жолаушылар пойызы мен жүк таситын теміржол құрамы соқтығысқан. 

Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 116 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиғадан ел президенті Дональд Трамп хабардар етіліп, ол уақыт сайын жаңаланған ақпарат алып отыр. 

Трамп Твиттердегі өз парақшасында апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Мәліметтерге қарағанда, жолаушылар пойызында 139 адам болған, оның 8-і - экипаж мүшелері. Соқтығысу салдарынан пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен. Бұған дейін зардап шеккен 70 адам туралы хабарланған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

5 ақпан 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.