Кипр президенттік сайлау Әлем жаңалықтары Кипрде өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі ел басшысы Никос Анастасиадис жеңіске жетті. Бұл туралы шараға жауапты Ішікі істер министрлігі мәлімдеді.
Құзыретті органның хабарлауынша, саяси додада президент Никос Анастасиадис сайлаушылардың 56 пайызға жуық дауысын жинаған. Ал оның қарсыласы «АКЕЛ» солшыл партиясының жетекшісі Ставрос Малас 44 пайыз дауысқа ие болған.
Сарапшылар 2013 жылғы сайлаумен салыстырғанда Анастасиадис беделінің сәл ғана төмендегенін, бірақ жалпы азаматтардың оны қолдайтынын айтады.
Еске сала кетейік, Кипрдің қазіргі басшысы Анастасиадис осымен екінші рет қатарынан президент болып отыр. 2013 жылы өткен президенттік саяси дода кезінде де ол Ставрос Маласпен сайысқа түсіп, 57 жарым пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.
Енді Анастасиадис 2023 жылға дейін мемлекетті басқарады. Қайта сайланған ел басшысы екіге бөлінген аралды біріктіруге күш салатынын мәлімдеді.
Никос Анастасиадис, Кипр президенті: - Бүгінгі сайлауда жеңгендер де, жеңілгендер де жоқ. Тек біздің мемлекеттің мерейі үстем болды. Мен барлық кипрлықтардың президенті бола беруге уәде етемін. Бәріңізге жақсылық тілеймін.
Дереккөз: 24.kz