
Қытай виртуалды валюта саудасымен айналысатын шетелдік платформаларды бақылауға алуда, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытайдың Халық банкі таратқан мәліметтерге қарағанда, ІСО криптовалюталарын тоқтатқан соң, көптеген тұрғындар шетелдік платформалар арқылы виртуалды ақша саудалаумен айналыса бастаған.
Бұдан тыс, елде осы саладағы коммерциялық құрылымдарға тыйым салу, виртуалды ақшалармен сауда жасайтын онлайн платформаларды жабу шаралары да қолданылатын болады.
Ондағы негізгі мақсат елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып отыр.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау -5