Атырау, 14 желтоқсан 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Ресей әуе күштері Су-25 ұшағы атып түсірілген аумаққа соққы жасады

2 244 рет қаралды


Сирияда СУ-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсірген көшпелі зениттік кешен зымыраны жіберілген аумаққа дәлдігі жоғары қарумен соққы жасалып, «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының 30 содырының көзі жойылды, деп жазды ТАСС. 

"Идлиб провинциясындағы «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы өз қарамағына алған, СУ-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсірген көшпелі зениттік кешен зымыраны жіберілген аумақ бойынша дәлдігі жоғары қарумен соққы жасалды", - деп хабарлады РФ Қорғаныс минисрлігі. 

Мекеме отыздан атсам «Джебхат ан-Нусра» содырының көзі жойылғанын хабарлады. Сенбі күні, мекеме хабарына сәйкес, "Идлиб" деэскалация аймағы үстінде шолу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Су-25 ұшағы атып түсірілді. 

Ұшқыш «Джебхат ан-Нусра» содырлары бақылауындағы аумаққа катапульта жасағандығы жөнінде баяндап үлгерген. Террористермен атыста ұшқыш мерт болған. Қазір Сириядағы Ресейдің ымыраласу орталығы түркиялық тараппен бірлесіп, қаза тапқан ұшқыштың денесін қайтаруға әрекет етуде.  

Дереккөз: inform.kz

4 ақпан 2018, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.