Атырау, 26 қараша 14:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балықшылықтар боянғысы келмейді

2 525 просмотра


«Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Зұлқаш НАУБЕКОВТІҢ пікірінше, Балықшы кентіндегі қазіргі жылу маусымы – көп жылдан бері орын алған ең жақсы маусым екен.

Кенттің ұзындығы 10 км  жылу жүйесінің апатты учаскесі болды, сол жерге жөндеу жүргізілгенше әр метр сайын құбырлардан су бұрқақтары атқылап тұратын. Ұзындығы бір жарым километр болатын «дуршлагты» баяу болса да, үзілген жерлерді қамытпен жақсылап орап, қалпына келтірген.

- Жақын арада жылу маусымының жартысындағы жұмыстарды қорытындылайтын боламыз. Заңгерлер жылу үшін ақша төлемеген тұрғындарға талап арыз бере бастайды,- дейді Наубеков.

Балықшыда ыстық сумен қамту желісі жоқ тұрғындардың көпшілігі тұрмыстық мұқтаждықтар үшін жылу радиаторларындағы шүмектерден су алады, соның салдарынан су шығындары көп. Бірақ соңғы кездері олар бірнеше есеге – сағатына 18 тоннадан тәулігіне 2 тоннаға дейін азайған. Пайдасыз ескертулерден кейін батареядағы суға арнайы жасыл түсті препарат қоса бастағаннан кейін, осындай жағдайға қол жеткізген. «Тегін» ыстық суды жеке тұрмыстық мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жағдайдың дұрыс емес екені анық, бұл жердегілердің барлығы поселкенің ЖЭО желісіне қашан қосылатындығын асыға күтуде.

Қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ айтуынша, жобада барлығы – жылу да, ыстық су да бөлек ескерілген. Бүгінгі күні Балықшы бағытындағы магистралды құбыр 80 пайызға, поселкенің өзіндегі тарату жүйесі – 20 пайызға орындалған. Орталық жылу пунктін салуға тендер жарияланды. Жоспар бойынша поселкелік жылу мен ыстық су жүйесінің жаңа кешені биылғы күзде пайдалануға берілуі тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 ақпан 2018, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.