Атырау, 26 қараша 14:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Фемида қызметкерлерінде жұмыс көп

Бейнежазба
2 628 просмотра


Атырау судьялар корпусының брифингінде Фемида қызметкерлері жүктемелерінің көптігі жөнінде мәселе қозғалды. Бұл туралы қалалық соттың төрағасы Алмат ЕРМАНОВ айтып берді.

- 2017  жылы Атырау қалалық сотында 11260 іс қаралған. Сонымен қатар судьялар азаматтардың шағымдарынан бөлек, өзге материалдар мен сот орындаушыларының арыздарын қарайды. Жылдан- жылға істерДің саны күрт көбеюде. Ал судьялардың саны 18 ғана. Жүктеме үлкен.

«АЖ» сұрақтары:

- Судьялардың жүктемелерін азайтуға бола ма?

- Ең алдымен кадрлық құрам санын арттыру қажет. Сонымен қатар көптеген істерді сотқа жеткізбей медиациялық жолмен шешуге болады. Біз осы бағытта белсенді жұмыс жасап жатырмыз..

- Жұмыстан заңсыз шығару фактілері азайды ма?

- Қазіргі қиын экономикалық жағдайға байланысты мұндай істер өте көп. Былтыр жұмысқа қайта орналастыру бойынша 83 іс қаралып, 23-і қанағаттандырылды.


Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

 

2 ақпан 2018, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.