Атырау, 22 маусым 22:24
 дождьВ Атырау +25.2
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Жедел жәрдем қызметі орталықтандырылады

4 014 рет қаралды


Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Қазақстанда аудандық, қалалық жедел жәрдем станцияларының жұмысы орталықтандырылады. Барлық аудандарға түскен шақыртулар автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйелер (АДИС) бағдарламасы арқылы бақыланады.

- Қазір «Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын» құру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл мекеменің құрамына қалалық және аудандық станциялар бөлімше ретінде кіреді,- дейді «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚК-ның бас дәрігері Гүлнафис ТАҢБАЕВА. – Мақсатымыз – ауылдық жерлерде осы медициналық қызмет түрін тиімді ету. Бақылау күшейеді.   

Таңбаевның айтуынша, облыс бойынша 46 бригада жұмыс жасайды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

2 ақпан 2018, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.