Атыраудағы обаға қарсы станция аумағында жағалауға біреулердің үйіп кеткен тал-жыңғылдары көктемгі өр суы келгенде Жайық суын бүлдіреді.
Осы аумақта тұратын тұрғындардың айтуынша, қыс басталғанда 700 метрге жуық өзен жағасы өскен жыңғылдар мен қамыстардан тазартылады.
«АЖ» тілшісі айтылған жерге барды. Көргеннен түйген жеке пікірім: жағалауды тазалау тек тазалық сүйгіштіктен ғана емес, өзен жағасына құрылыс салу пиғылымен де тазартылады екен. Дегенмен, тұрғындарды басқа нәрсе алаңдатады:
- Көктем келісімен өзен деңгейі көтеріліп, мына үйілген қоқыс Жайық суына кетеді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ