
Осы аптада Ресейдің негізгі үш барлау ведомствосының басшылары Вашингтонға барған. Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин мұнда ЦРУ басшысы Майк Помпеомен кездескен. Бұл ақпаратты екі тарап та растады. Арнайы қызмет басшылары Вашинтонға Ақ үй «Кремль есебі» деп аталатын құжатын жариялағаннан бірнеше күн бұрын сапарлаған. Нарышкиннің өзіне 2014 жылдан бері санкция салынған.
ЦРУ басшылары ресейлік әріптестерімен кейбір мәселелер бойынша тұрақты кездесіп тұрады.
Бірақ АҚШ барлауының бұрынғы бірнеше офицері кездесуді сынаған. АҚШ-та Кремльдің 2016 жылы өткен президент сайлауына килігу ықтималдығы тексеріліп жатқан тұста Ресей арнайы қызметі басшыларының Вашингтонға барғанына біраз сын айтылған.
Дереккөз: azattyq.org
В Атырау -5