Атырау, 14 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Өзбекстанда 23 жылда алғаш рет Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ауысты

1 733 рет қаралды


Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Оpen Аsia.net сайтына сілтеме жасап.

Рустам Иноятов ҰҚҚ бастығы қызметін 1995 жылдан бері 23 жыл бойы атқарған. Оның орнына осы уақытқа дейін Бас прокурор болған Ихтияр Абдуллаев тағайындалды.

Ихтиер Абдуллаев Бас прокурорлық қызметке 2015 жылдың сәуір айында келген. Сонымен қатар, 2017 жылдың ақпан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияны басқарды.

Ал, бұған дейін Өзбекстан Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған Отабек Муродов жаңа Бас прокурор болып тағайындалды.

Дереккөз: Baq.kz

2 ақпан 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.