Атырау, 14 желтоқсан 02:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Ресей БҰҰ бюджетіне $75 млн төледі

2 425 рет қаралды


Ресей БҰҰ-ға  бүкіләлемдік ұйымға жарна ретінде 75 миллион доллар аударды. Бұл туралы бейсенбіде журналистерге БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС. 

«Бүгін  біз Бельгиядағы, Эстониядағы Катардағы және Ресей Федерациясындағы достарымызға алғыс айтамыз. Олардың бәрі БҰҰ-ға жыл сайынғы жарналарын  толық көлемде төледі»,-деді ол. 

БҰҰ-ның ресми интернет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 75 миллион доллар көлеміндегі жарна 31 қаңтарда аударылған. Қазіргі уақытта бұл  бүкіләлемдік ұйымға мүше мемлекеттерден түскен қаржы арасында өте қомақты. Бүгінгі күнге дейін 36 ел өз жарналарын төлеген. 

Еске сала кетсек, 2018-2019 жылдарға БҰҰ бюджетін 24 желтоқсанда Бас Ассамблея $5,397 млрд көлемінде бекіткен болатын. Дегенмен бұл мұның алдындағы екі жылдық кезеңдегі қаржыдан 5% кем.

Дереккөз: inform.kz

2 ақпан 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.