Атырау, 14 қаңтар 13:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Ресейде резервтік қор ресми түрде тоқтатылды

2 453 рет қаралды

Ресейде резервтік қор ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «Ресей Федерациясының Резервтік қоры ресми түрде тоқтатылды. 

Ол 10 жыл бұрын - 2008 жылдың 1 ақпанында құрылды. Резерв қорына сілтемелер Бюджет кодексінен және заңға тәуелді актілерден алынды. 2017 жылы соңғы рет есеп-шоттардан бір триллион рубль есептен шығарылды және қалған қаржы 2018 жылдың басында күшін жойды. Қазір «Экономикалық қауіпсіздік жастықшасының» рөлі Ұлттық әл-ауқат қоры (ФНБ) тарапынан жүзеге асырылуда», - деп хабарлады қордағылар.

Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің деректерінде, 1 қаңтардағы есеп бойынша Ұлттық әл-ауқат қорындағы қаражат көлемі 3753 трлн рубльді (65,15 млрд АҚШ долларын) құрады.

«2018-2020 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес ағымдағы жыл - бюджет тапшылығын резервтен алу жоспарланған соңғы жыл. (...) Ұлттық әл-ауқат қорындағы қаражат көлемі ЖІӨ-нің 7% шегіне жетеді, қордың ресурстары 2019 жылы инфрақұрылымдық жобаларға салынуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Дереккөз: baq.kz

1 ақпан 2018, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.