Атырау, 14 желтоқсан 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Дональд Трамп 1 миллион 800 мың мигрантқа АҚШ азаматтығын беруге келісті

1 786 рет қаралды


Президент Дональд Трамп елге заңсыз келген 1 миллион 800 мың мигрантқа АҚШ азаматтығын беруге келісті. Бірақ оның есесіне Ақ үй басшысы Конгрестен Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу үшін 25 миллиард доллар қаржы бөлуді сұрамақ. 

Сондай-ақ мигранттар отбасына берілетін көмекті қысқартып, кей елдерге қатысты визалық лотереяны алып тастауды ұсынып отыр. Бұл туралы Трамп Конгресске жолдауында мәлімдеп, қос палатаны осы туралы иммиграциялық заң жобасын қабылдауға шақырды. 

Ақ үйдің пайымдауынша, мұндай мүмкіндікті АҚШ аумағына бала кезінде өткен азаматтарды қорғау жөніндегі бағдарламаға қатысушы 700 мың адам мен тағы 1 миллион 100 мың мигрант пайдалана алады. Егер олар ешқандай заңға қайшы әрекеттер жасамаса бұл елдің азаматтығына 10-12 жыл ішінде ие болады. Конгрессмендер құжатты ақпанның 5-і күні қарауға кіріседі.  Ал ресми дерекке жүгінсек, қазір АҚШ-та 10 миллионнан астам заңсыз мигрант бар. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті: – Менің және осы отырған әр азаматтың міндеті – халықтың қауіпсіздігін, әрбір отбасын және америкалық арманға деген құқықты қорғау. Өйткені Америка азаматтарының да асқақ арманы бар. Алдағы апталарда қос палата иммиграциялық реформа туралы заң жобасын қарайды. Құжат қос партияның өкілдерімен өткен кездесулер негізінде дайындалды. Бұл арқылы біз мемлекетке ауадай қажет реформаны қабылдаймыз.

Дереккөз: 24.kz


1 ақпан 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.