Атырау, 29 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Литва Ресеймен шекарада қоршау тұрғызды

2 132 просмотра


Литва Ресейдің Калининград облысымен шекарасында қоршау тұрғызды деп хабарлады BBC-дің Орыс қызметі. Қоршау ұзындығы 45 километрге, биіктігі екі метрге жетеді. Вильнюс қоршау тұрғызуға 1,3 миллион еуро жұмсаған.

Литва шекарашылары BBC-ге берген сұхбатында қоршау заңсыз иммиграциямен және темекі контрабандасымен күресу үшін тұрғызылғанын айтты. Дегенмен, қоршау Ресей тарапынан әскери қауіп төнетіндей бола қалса, одан қорғай алмайды.

Қоршау табиғи бөгеттер жоқ жерде тұрғызылған. Сонымен қатар шекарада қоршаудан бөлек бақылау камералары орнатылған.

BBC-дің мәліметінше, 2017 жылы шекарашылар Литва мен Ресей шекарасын 18 рет заңсыз кесіп өту фактісін анықтаған.Сегіз мың қорап контрабандалық темекі тәркіленген. Литва билігі 2020 жылға дейін Беларусьпен шекарада бөгейтін қоршау тұрғызуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: azattyq.org

1 ақпан 2018, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.