
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан облысында жұмыс сапарымен жүр. Президент өңірде кадрлық өзгерістер жасауы мүмкін. Үміткерлер медициналық тексеруден өтіп жатыр, ал артық салмағы бар шенеуніктер бірден тізімнен шығарылуда, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.
Гурбангулы Бердімұхамедов қаңтар айының басында елдегі ондаған әкім мен орынбасарларын қайтадан тағайындады. Түрікменстандағы аудандардың біріне әкім қызметіне үміткердің туысының айтуынша, бүгінде әкім мен оның орынбасарлары қызметіне үміткерлер арнайы іріктеуден өту керек.
«Аудан, қала атауларының өзгеруіне байланысты жергілікті әкімдерді де қайта тағайындады. Үміткерлермен президент әкімшілігінің арнайы адамдары жұмыс істеді. Үміткерлердің ішінде менің де туысым болды. Ең қызығы бәрін медициналық тексеруден өткізді. Сыртқы түр-тұлғаларына да аса көңіл бөлді», - дейді әңгімелесуші.
Сырт келбетке мән бергендіктен, шенеуніктер арнайы диета ұстауларына тура келген.
Дереккөз: baq.kz
В Атырау -5