
Facebook әлеуметтік желісінде бұдан былай криптовалюта мен бинарлы опциондарды жарнамалауға болмайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mk.ru сайтына сілтеме жасап.
«Біз күмән тудыратын, әлі толықтай айналымға енбеген криптовалюта және опциондар сынды технологияларды жарнамалауға тыйым саламыз», — деп мәліметті растады Facebook жетекшісі Роб Койн.
Мұнымен қатар, аталған әлеуметтік желі өкілдері барлық желіні бір уақытта бақылап отыра алмайтындарын айтып, қолданушылардан осы мәселеге қатысты көмек сұрады.
Дереккөз: baq.kz
В Атырау -5