Атырау, 14 желтоқсан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Мәскеу әуежайында Навальныйдың жақтастары ұсталды

1 905 рет қаралды


Мәскеудегі Шереметьево әуежайында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш пен YouTube-те «НавальныйLive» арнасын жүргізетін Руслан Шаведдиновті полиция тұтқындады. Оларды Даниловский ішкі істер бөліміне апарды. Шаведдиновтің Twitter-де хабарлауынша, полиция бөлімінде өздерін сот басталғанға дейін ұстамақ.

Ярмыштың айтуынша, Шаведдинов екеуін Ресейге оралған бетте ұстап, әуежайда куәлердің көзінше жеке тексерген.

28 қаңтар күні Кира Ярмыш пен Руслан Шаведдинов «НавальныйLive» эфирінде «сайлаушылар ереуілінен» 10 сағаттан астам уақыт тікелей эфир жүргізген. Осы кезге дейін тікелей эфир видеосын бір жарым миллион адам көрген.

28 қаңтар күні Ресейдің ондаған қаласында «сайлаушылар ереуілі» өткен. Акцияға мыңдаған адам қатысқан. Акцияны ұйымдастырған Алексей Навальныйды Мәскеуде полиция қызметкерлері ұстап, кейін полицияға қайта келуге міндеттеп, босатып қоя берген.

Дереккөз: azattyq.org


31 қаңтар 2018, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.