Атырау, 18 сәуір 21:37
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​ЕО Кеңесі Brexit бойынша өтпелі кезең мерзімін нақтылады

2 181 просмотра


ЕО Кеңесі Brexit бойынша келіссөздер барысында, 2020 жылдың соңына дейін созылатын, өтпелі кезеңге қатысты көзқарастарды қамтитын қосымша директиваларды қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.  

«ЕО министрлері Еурокомиссияға өтпелі кезеңнің қандай бағытын ұстанатынын айқындайтын нақты мандатын ұсынды: ЕО-ның қолданыстағы құқығы Ұлыбританияда қолданылуы тиіс, олай болмаған жағдайда Лондон ЕО институттарының жұмысына қатыспайды және шешім қабылдау ісіне атсалыспайды», - деді ЕО кеңесінде Болгария СІМ басшысы Екатерин Захариева. 

Осылайша, Брюссельдегілер Лондонның өтпелі кезеңде барлық қолданыстағы нормативтік, бюджеттік, қадағалаушы, сот және құқық қорғау құралдарын, сондай-ақ ЕО құрылымдарын, соның ішінде Еуропалық Одақ Сотының құзыреттілігін мойындауды жалғастырады деп үміттенеді.

ЕО позициясы бойынша өтпелі кезең нақты айқындалып, оның нақты мерзімі болуы керек және 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Дереккөз: inform.kz

30 қаңтар 2018, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.