Атырау, 29 қараша 09:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Трамп: "Талибанмен" келіссөз болуы екіталай

1 528 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанда болған қанды шабуылдардан кейін «Талибан» қозғалысымен таяу болашақта келіссөз жүргізу екіталай екенін мәлімдеді. «Біз «Талибанмен» келіссөз жүргізгіміз келмейді. Бәлкім, ондай сәт туар, бірақ ұзақ уақыттан кейін» деді Трамп 29 қаңтар күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өкілдерімен таңғы ас ішкен кезінде.

Кабулда соңғы апталарда бірнеше шабуыл болып, жүздеген адам қаза тапқан. 27 қаңтарда Кабулдың орталығында үкімет ғимараттары, шетелдік елшіліктер мен дүкендер орналасқан жерде болған жойқын террорлық шабуылдан соңғы мәлімет бойынша 103 адам мерт болып, 235 адам жараланған. Жараланғандар арасында ондаған полиция қызметкері бар. Бұл шабуылды «Талибан» мойнына алған.

Дональд Трамп осы шабуылдан кейін «Бұл қатыгездікпен жасалған шабуыл біздің және ауғандық әріптестеріміздің батылдығын тек күшейте береді» деп мәлімдеп, өзге елдерді «Талибанға» қарсы «батыл қимылдауға» шақырды. 29 қаңтар күні Ақ үйде «Біз аяқтауға тиіс болған міндетімізді орындаймыз. Кінәсіз адамдарды, оның ішінде балаларды оңды-солды өлтіріп жатыр» деген Трамп талибтермен келіссөз жүргізілмейтінін ескертті.

Дереккөз: azattyq.org

30 қаңтар 2018, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.