Атырау, 26 қараша 13:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақ қала ауыл болып қалады

7 122 просмотра


Индербор кентінде үй салуға жер сұраушылар саны жылдан-жылға көбейіп отыр. Кезекте 3500 адам тұр. Өткен жылы кенттегі "Болашақ" ықшамауданынан 60 адамға жер берілген, бірақ бұл мәселені шеше алмады.

Бұдан екі жыл бұрын Елтай округіне қарасты Аққала ауылын кентке қосу жөнінде бастама көтерілген. Ауыл Жайықтың оң жағалауында орналасқан және екі араны Жайық өзені бөліп тұр, яғни екі жақ көпірмен байланысып жатыр. Арада бос бірнеше гектар жер бар. Ауданның бас жоспарында осы жерлерді де пайдалану көзделген. Себебі кенттің басқа бөлігінде үй салатын жер аз.

- Қазіргі заңдылыққа сай округте екі елді мекен болуы керек екен. Егер Аққаланы алып қойсақ, Елтай округі өз статусын жояды,- дейді Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН. - Осыған орай Аққала өз округінде қалатын болды. Ал округ жеріндегі мұнай айдау стансасын елді мекен етіп құру да мүмкін болмады. Енді баспанаға жер болашақта Индербор кенті мен Аққала ауылы арасынан берілетін болды. Бүгінде ол жерлерге инфрақұрылым жетпеген, құр дала. Сондықтан  бүгінде инфрақұрылымның жобалық сметасын жасақтау жүріп жатыр. Жоба жасақталып болғаннан кейін су, газ, ток жүргізіледі, әрине алдымен қаржы мәселесін шешу керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2018, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.