Кабулдың дипломатиялық ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 95 адамға жетті, тағы 158 адам зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости 1TV арнасына сілтеме жасап.
Сенбі күні Кабулда шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда жарылыс болды. БАҚ мәліметінше, жарылысты миналанған жедел жәрдем көлігімен лаңкес ұйымдастырған.
Басында қырық адам қаза тапты деп, кейін 63 жанның құрбан болғаны айтылды.
Ауғанстанның құқық қорғау органдары төрт адамның қамауға алынғанын хабарлады. "Талибан" радикалды қозғалысы жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алған.
Дереккөз: sputniknews.kz