Финляндияның қазіргі президенті Саули Ниинистё мемлекет басшысы сайлауында 100 пайыз дауысты есептеу қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
Бұл туралы жексенбіде елдің әділет министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
Сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан Ниинистё 62,7% дауысқа ие болды. Екінші орында - оппозициялық «Жасылдар одағы» партиясы атынан түскен үміткер Пекка Хаависто - 12,4%, үшінді орында - 6,9% дауыс жинаған "Нағыз финдер» кандидаты Лаура Хухтасаари. Бұлардан басқа сайлаушылар қозғалысынан Пааво Вяюрюнен - 6,2%, биліктегі «Финляндиялық орталықтан» Матти Ванханен - 4,1%, социал-демократтардан Туула Хаатайнен - 3,3%, «Солшыл одақтан» Мерья Кюлленен - 3%, «Швед халықтық партиясынан Нильс Торвальдс - 1,5% дауысқа ие болды.
Еске сала кетсек, осыдан алты жыл бұрын үкіметтік ұлттық коалициялық партия атынан түскен Ниинистё жеңіске жеткен болатын. Сайлаудың соңғы қорытындысы 30 қаңтарда жарияланады. Ал жаңа президентті ұлықтау рәсімі 1 ақпанда өтеді.
Дереккөз: inform.kz