БҰҰ Ливия гуманитарлық көмек Шара қақтығыс жайлаған елдегі бір миллионнан астам тұрғынға жәрдем беруге арналған.
Осыған байланысты ұйым халықаралық қауымдастықтан 300 млн доллардан астам қаржы жинауға шақырды. Ол 71 жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын болады.
Ал ресми дерекке қарағанда, Ливияда қазір 900 мыңнан астам тұрғын түрлі көмекке зәру.
Айта кетейік, Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен құлатылған соң, елді азаматтық соғыс жайлап, бұл мемлекетті саяси дағдарысқа әкелген.
Салдарынан елде лаңкестік ұйымдардың әрекеті де күшейген. Хассан Саламе, БҰҰ-ның Ливиядағы өкілі: - БҰҰ-ның көмегі Ливия үкіметінің әлеуетін ауыстыра алмайды.
Халықаралық ұйымды тек қосымша жәрдем беруші ретінде қарастыру керек. Біз тек жергілікті биліктің нығайып, саяси институттардың тиімді жұмыс жасауына қолдау көрсетуді мақсат етеміз.
Дереккөз: 24.kz