Атырау, 20 ақпан 22:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​Қытай үкіметі АҚШ-пен сауда қақтығысынан алаңдап отыр

2 378 рет қаралды


Қытайдың Сауда министрлігінің кеше түстен кейін жариялаған мәлімдемесі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қайшылығына бағытталды. 

Қытай тарабы АҚШ-Қытай арасындағы сауда-саттыққа қатер төнбейді және екі тарап да жанжалдарды конструктивті түрде шеше алады деп үміттенетінін білдірді. 

Бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай Сауда министрлігінің өкілі Гау Фың: «Құрама Штаттан тиімді шаралар қабылдайды деп үміттенеміз, сауда қимылдарын теріс пайдаланбауын қалаймыз», – деді. 

Ол тағы ДСҰ ережелеріне сәйкес келмейтін біржақты тәртіп пен протекционизм үшін Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін батылдықпен қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты. 

Бұл Қытай тарабының АҚШ-пен арадағы сауда қақтығысынынан айтарлықтай деңгейде алаңдап отырғанын және сауда қақтығысының жауапкершілігін Құрама Штатқа артуға тырысатынын түсіндіреді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

26 қаңтар 2018, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.