Атырау, 29 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Трамп: Палестина бейбіт келіссөзге кедергі болып отыр

2 201 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп палестиналықтарды Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді тежеді деп айыптады. Бұл туралы ол Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуі қарсаңында мәлімдеді. Трамптың сөзінше, Палестина АҚШ-ты Иерусалимді Израильдің астанасы деп танығаны үшін құрметтемей отыр.

Трамп Палестина басшылығы бірнеше күн бұрын АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездесуден бас тартқанын айтты. АҚШ президенті Палестина келіссөзге келмейінше, Вашингтоннан қаржылай көмек ала алмайтынын ескертті. Трамп АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру туралы шешімі өзгермейтінін де айтты. Иерусалимдегі жаңа елшілік келесі жылдан бастап жұмыс істейді.

2017 жылы 6 желтоқсанда Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді тапсырған. Трамптың бұл шешімін көп ел басшылары сынаған. БҰҰ Бас ассамблеясы Иерусалимді Израиль астанасы деп танудан бас тартқан. Палестинада Трамптың шешіміне қарсы жаппай қарсылық акциялары өткен. Палестинаның радикалдық ХАМАС тобының басшысы Исмаил Хания палестиналықтарды жаңа қарсылық қимылдарын бастауға шақырған.

Дереккөз: azattyq.org

26 қаңтар 2018, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.