Атырау, 29 қараша 09:53
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ердоған: Біз Түркия шекарасының бойын террорлық топтардан толықтай тазартамыз

2 105 просмотра


Түркия Сүрия аумағындағы әскери операцияларының ауқымын кеңейтеді – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара қаласының басшылығымен кездесуінде Сүриядағы әскери операция жөнінде сөз сөйлеген. Онда ол: «Біз Түркия шекарасының бойындағы жерлердің барлығын террорлық топтардан тазартамыз және Түркия аумағындағы 3,5 миллион сүриялыққа лайықты өмір сүруге жағдай жасаймыз. Біз бұндай қадамдарға өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін ғана емес, босқындарға тыныш өмір сыйлау үшін де барып отырмыз» -деген. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған: «АҚШ-тың Сүрияның солтүстігінде күрдтермен бірігіп әскери коалиция құруы Түркияның тұрақтылығына қауіп төндіреді. Біздің мақсатымыз - аталмыш әскери коалицияның көзін жою» - деп мәлімдеген болатын. 

Дереккөз. “The Qazaq Times

26 қаңтар 2018, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.