Атырау, 3 маусым 00:03
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Сүрия күрдтері Түркия ұшағын атып құлатты

2 517 рет қаралды


Сүрия күрдтері Түркия ұшағын атып құлатты – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Күрд халықтық өзін-өзі қорғау әскери жасағы Сүрияның Африн аумағына қарасты Шехурзе ауылы маңында Түркия әскери ұшағын атып құлатқан. 

Әзірге аталмыш оқиғаға байланысты ресми Анкара ешқандай мәлімдеме жасамаған. 

Естеріңізге салайық, қаңтар айының 20-сі күні Түркия армиясы Сүрияның Африн аумағында «Зәйтүн сабағы» атты әскери операциясын бастаған. 

Ресми Анкараның бұндай қадамдарға баруына АҚШ-тың «Сүрияда шекара күзетін қамтамасыз ету үшін арнайы жасақ құрамыз» деген мәлімдемесі себеп болған. 

Дереккөз. “The Qazaq Times

26 қаңтар 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.