Италияның солтүстігіндегі Милан қаласының маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, кем дегенде екі адам қаза тапты. Апаттан құтқару қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиғадан 10 адам жараланды.
Миландағы апаттан құтқару қызметінің өкілі Кристина Корбеттаның Sky TG24 телеарнасына хабарлауынша, 100 шақты адам жеңіл жараланған. Ол оқиға 25 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7 кезінде Милан маңындағы Сеграте қаласында болғанын айтты. Апат себебі әзірге белгісіз.
Sky TG24 телеарнасының оқиға орнындағы журналисі рельстен шығып кеткен пойыз ішінде бес әлде алты адам барын хабарлады. Апаттан тірі қалғандар эвакуацияланды.
Пойыз Кремон қаласынан Италияның экономикалық орталығы Миланға бара жатқан.
Италияда соңғы бір жылда мұндай ірі теміржол апаты бірінші рет болып отыр. 2016 жылы шілдеде Италияның оңтүстігіндегі Апулия аймағында екі жолаушылар пойызы бетпе-бет соқтығысып, 23 адам қаза тапқан.
Дереккөз: azattyq.org