Давостағы дүниежүзілік форумға АҚШ Президенті Дональд Трамп та аттанды. Мәліметтерге қарағанда Ақ үй басшысы бизнес өкілдеріне АҚШ бизнес үшін әрқашан ашық екенін мәлімдеп, оларды елге инвистиция құюға және жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырады.
Сондай-ақ Трамп Израиль мен Ұлыбритания басшыларымен кездеспек. Ал Швейцария тұрғындары Давосқа Трамптың келуіне қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды.
Мұндай ереуілдер елдегі бірнеше қалада өткен. Ең ауқымдысы Цюрих қаласында болды.
Мұнда наразылық акциясына мыңдаған адам шығып, «Трамптың келуін қоштамаймыз» деп ұрандатқан.
Джоэль Вароне, ереуілге қатысушы:
- Трамп қай жерге барса, сол жерде оған қарсы ереуіл өтеді деп ойлаймын. Ұлыбританияға келмеді. Өйткені ереуілдерден қорықты. Британия үкіметі де жергілікті халықтан аяқ тартты. Ол Швейцарияға келгенде, біз үнсіз жата алмаймыз. Қарсылығымызды көрсетеміз. Өйткені оның ұстанған саясаты бізге жат.
Дереккөз: 24.kz