Биыл Еуропа алдағы 10 жылға арналған стратегиялық жоспарын қайта қарап, дамудың даңғыл жолына түсуі тиіс. Давоста өтіп жатқан экономикалық форумда сөз алған Франция Президенті осылай деді.
Оның айтуынша, Кәрі кұрлықтағы мемлекеттер ынтымақтастықты арттырып, күшті Еуропа құруы тиіс. Сондықтан стратегиялық жоспардың жаңа мазмұны жыл соңына дейін дайындалатынына үміт білдірді.
Сонымен қатар Макрон «жасыл» экономиканы қолдау мақсатында 2021 жылға дейін өз еліндегі көмір электр стансаларын жабуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, Давостағы дүниежүзілік экономикалық форум қаңтардың 23-і мен 26-сы арасында өтеді.
Эммануэль Макрон, Франция Президенті:
- Біз Еуропаны күшті одаққа айналдыру үшін экономика, ғылым мен саясат және жасыл энергетика, әлеуметтік саланы қамтитын стратегиялық жоспарды қайта қарауға тиіспіз. Өз құндылықтарымыз бен мүддемізді сақтай отырып, алға жылжуымыз керек. Достық пен әріптестік орнатқан елдердің қалай қарыштап дамитынын әлем елдеріне көрсеткіміз келеді.
Дереккөз: 24.kz