Атырау, 29 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қарақалпақстанда жаңа газ кені ашылды

2 152 просмотра


Қарақалпақстанда жаңа газ кен орны ашылды, деп жазады ӨзА. 

2018 жыл Өзбекстанның мұнай-газ саласы үшін маңызды оқиғамен басталды. Қарақалпақстандағы Үстірт шоқысынан жаңа газ кені ашылды. 

Агенттіктің жазуына қарағанда, Үстірт табиғаты қатал өңір, оның үстіне ауыз су тапшылығы қатты байқалады. 

Алайда оның қойнауы табиғат байлықтарына бай. Қолайсыз табиғат жағдайына қарамастан мұнда  бұрғылау мұнарасы мен алғашқы ұңғыма орнатылыпты.

Нәтижесінде 3600 метр тереңдіктен газ кені табылды. Жақын күндері арнайы мамандар көмірсутек қорын бағалап, геологиялық барлау жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтайтын болады.

Дереккөз: inform.kz

25 қаңтар 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.