Атырау, 29 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Италияда судьялар жаппай ереуілге шықты

1 713 просмотра


Италия судьлар ереуіл Италияның сот жүйесі жұмысын тоқтатты. Себебі бірінші деңгейлі судьялар жаппай ереуілге шықты. 

Үш аптаға созылған қарсылық шарасы барысында 400 мыңнан аса процесс өтпей қалды. Ал ереуіл аяқталғанға дейін қаралмаған істердің саны бір жарым миллионға дейін жетуі мүмкін.

Судьялардың бұлайша қарсылық танытуына Әділет министрінің жаңадан енгізген сот реформасы себеп болып отыр. Жаңа жүйе бойынша оларға қосымша міндеттер жүктеліп, жал-ақылары қЫсқартылады. 

Бүгінде бұл санаттағы судьялар елдегі азаматтық және қылмыстық дауларды шешуге жауап береді. Ереуілге шыққан мыңдаған адам реформаны қайта қарап, лайықты жалақы төлеуді талап етіп отыр.  

Альберто Росси,  Судьялар ұлттық одағының бас хатшысы:

- Бұл реформаның салдары халыққа да әсер етеді. Біз бүгінде сот істерінің 50 пайызын қараймыз. Және ол істің бір жыл ішінде аяқталатынына кепілдік бере аламыз. Ал жаңа реформа бойынша істің 80 пайызы енді бізге артылмақшы. Бірақ жалақының аздығы соншалық судьяларға отбасын асырау үшін екінші жұмыс іздестіру керек. Мұндай жағдайда сот процесі ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Әділдік іздеген азаматтар сот шешімін 10 немесе 20 жылға дейін күтуі керек болады.

Дереккөз. 24.kz

24 қаңтар 2018, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.