Еуро Одақ КХДР-ға қарсы санкциялардың тізіміне енгізілген жеке тұлғалар қатарына тағы 17 адамды қосты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Санкциялар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясын елемей ядролық және баллистикалық бағдарламаларын жедел дамытып жатқан КХДР-ға деген қысымды қолдау құралы ретінде қабылданған», - деп жазылған ЕО Кеңесінің хабарламасында.
17 адам «БҰҰ және шет мемлекеттер салған санкциялардан жалтарып, заңсыз сауда әрекеттеріне барғаны үшін» жеке тұлғалар тізіміне іліккен.
Қазіргі уақытта Еуро Одақтың КХДР-ге салған санкциясының жеке тұлғалар тізіміне 58 жеке және 10 заңды тұлға еніп отыр. БҰҰ санкциясының толық тізімінде барлығы 79 жеке және 54 заңды тұлға бар.
Дереккөз: inform.kz