Атырау, 29 сәуір 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

Лондондағы оқыс оқиға: 1,5 мың адам көшірілді

2 287 рет қаралды


Ұлыбритания астанасының ірі Стрэнд даңғылында көп мөлшерде газ шығуына байланысты бір жарым мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға салдарынан жақын маңдағы Лондонның орталық Чаринг-кросс вокзалы, Waterloo East теміржол стансасы жабылды. Аталған аумақ қоршауға алынып, Стрэнд көшесіне кіретін жолдардың барлығы жабылған. 

Лондон өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, Чаринг-кросс вокзалының маңындағы Крэвен-стрит көшесінде де газдан улану қаупі жоғары. 

Қазір мамандар газдың шығу себептерін айқындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

24 қаңтар 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.