Хакерлер Канаданың ірі байланыс операторы болып саналатын Bell Canada компаниясының серверін бұзып, шамамен 100 мың пайдаланушы деректерін басқарған, деп жазады БЕЛТА.
Хакерлер байланыс жүйесін бұзып, пайдланушылардың аты-жөні, олардың электрондық мекенжайы мен жүйедегі никтері туралы деректерді алған.
Әзірге олардың пайдаланушылардың кредит картасы мен басқа да банктік шоттарына ауыз салмағандығы айтылуда. Полиция оқиғаны тергеп жатыр. Компания өзінің клиенттерінен кешірім сұрады.
Дереккөз: inform.kz