Атырау, 19 желтоқсан 09:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Миллиардтар ойыны», «Ерімбетовті "азаптау" шағымы бойынша іс қозғалды», «Айдос Сарым. Сапар бітті. Саясат қандай болмақ?», «Мирзияев Каримов билігінің қателігін мойындады», «С5+1. Қызғаныш пен қысастыққа апара ма?».

3 286 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Бота Жәрдемәлі: "Қазақстанға оралсам мені де қамап, қинайды"» - Тергеу абақтысына қамалған бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің шетелде тұратын қарындасы Бота Жәрдемәлі Қазақстанға БТА банкінің қаржысын "заңдастыру" ісі бойынша куәлік етуге әзір келмейтінін айтады. Ол ағасына тағылған айыптарды ойдан құрастырылған жала деп біледі.

«Ерімбетовті "азаптау" шағымы бойынша іс қозғалды» - Алматыда түрмеде тергеліп жатқан бизнесмен, 46 жастағы Ескендір Ерімбетовтің әке-шешесі Мырзахан және Ғайни Ерімбетовтер Азаттыққа ұлдарының азапталғаны туралы шағым бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 

ABAI.KZ. «Крещение мерекесінде суға түскендер - шоқынған қазақтар...» - «Меніңше, қасиетті Крещение кезінде қазақтардың топырлап жапа-тармағай суға түсуі орынсыз әрекет сияқты. Сырттан, әсіресе шетелден келген адамдарға бұл әрекет ерсі болып көрінеді», - деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Мирзияев Каримов билігінің қателігін мойындады» - Тәуелсіз Өзбекстанның екінші президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандарияға сапары кезінде Ақтөбедегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан отандастарына құран бағыштап, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

RATEL.KZ. «Миллиардтар ойыны» - Осыдан бес жылдай бұрын вице-премьер, Ұлттық банк басшылығынан кеткен  экономист Ораз ЖАНДОСОВ: «Біздің үкімет мүшелерінің жартысы миллиардерлер» деп еді. 

«Жігітіңіз кім?» - 1987 жылдың көктемі болатын. Ғ.Мүсірепов театрына қызметке тұра салып, жаңа қойылғалы жатқан «Бақыт пен мұң» деген поэзиялық спектакльдегі сері жігіттің роліне ие болдым. Сері жігіт болғанда анау-мынау емес Фаризаға ғашық жігіт. Институт қабырғасында ойнаған роліңнің тағдырын, мүмкіндік болса прототипін білген дұрыс деп миымызға құйып қойған. Мұның прототипін қайдан табам, деймін. Фариза апайдың жігіті кім болған?— десем, бәрі иықтарын қиқаң еткізеді. Ешкім білмейді. Білмегендерімен тұрмай, мынаның есі дұрыс па?— дегендей қасын кере қарайды.

QAMSHY.KZ. «Айдос Сарым. Сапар бітті. Саясат қандай болмақ?» - Өткен аптаның басты жаңалығы – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары болды. Түсінген жанға бұл сапар еліміздің қауіпсіздігі мен дамуы үшін сөзсіз қажетті дүние. Екі алпауыт держава – орыс аюы мен қытай айдахарының арасында жойылып кетпеудің бірден бір жолы АҚШ-пен дұрыс қарым-қатынастар орнату, әлемдік саясаттың субъектісі бола білу. Әзірге бұдан өзге оңған жолы да жоқ. Бүгіннің өзінде осы сапарды еліміздің дипломатиялық құрылымдарының орасан зор жетістігі деп бағалауға болады. Мәселе енді осы сапарды мүмкіндікке, тың саясатқа айналдыра білуде.

«Ат жақсысы – кермеде, Ер жақсысы – түрмеде» -  Кейбір атақты адамдар болады, бір мезетте жаман атты болатын, кейбір қарапайым адамдар болады, бір мезетте танымал болатын. Қазақтың ақыны да, жазушысы да, батыры да абақтыға жабылғаны тарихтан белгілі. Оның себебі де белгілі. Біз орыстарға тәуелді едік. Ал қазіргі тәуелсіз елдің түрмелерінде кімдер отыр? Qamshy.kz ақпарат агенттігі бас бостандығынан айырылған танымал тұлғалардың тізімін оқырман назарына ұсынады.

AIKYN.KZ. «Сириядағы жағдай тағы шиеленісті» - Түрік әскерилері Сириядағы Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Африн қаласындағы күрд жасақтарына зеңбіректен оқ жаудырды. 

QAZAQUNI.KZ. «Заңгер: “Салафиттік ағымға еріп кеткен жастардың обалы Дарын бастаған топтың мойнында”» - Қаңтар айының басында Қарағандыда заңсыз миссионерлікпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Соттың шешіміне сәйкес, ол 70 АЕК көлемінде айыппұл мен 112 348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндеттелді.

QAZAQTIMES.COM.  «2018 жылы АҚШ-Қытай қатынасында күшті жарылыстар болуы мүмкін: Уашингтон мен Бейжің не істеп жатыр» - Трамптың АҚШ президенті тағына келгеніне тұп-тура бір жыл толды. Осы мезгілде оның халықаралық саяси мәселедегі жасаған өзгерісі мен қалыптастырған жаңа жағдайы аз болған жоқ. 

INFORMBURO.KZ. «С5+1. Қызғаныш пен қысастыққа апара ма?» - C5+1 байланыс форматы 2015 жылы басталды. АҚШ-ның әлемдік лидерлік орнын сақтап қалу үшін ұстанатын басты бағытына айналған форматтың Ресей мен Қытайға әсері.


23 қаңтар 2018, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.