Рио-де-Жанейродағы Копакабан жағажайында автокөлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Дереккөзінің хабарлауынша, оқиғадан 15 адам зардап шеккен. Апаттан кейін 41 жастағы көліктің жүргізушісі Антониу Алмейда оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ, ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Жүргізуші полицейлерге көлікті басқарып келе жатып, эпилепсия талмасы ұстап, сырқаттанып қалғанын айтқан.
Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ, оларға көмек көрсетілуде. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: baq.kz