Атырау, 29 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге әрекет жасап жатыр

1 334 просмотра


Өзбекстан ДСҰ Әлем жаңалықтары инвестиция Осыған байланысты көрші елде инвестициялық кодекс қабылданбақшы. 

Бұл туралы Мажлис Сенаты төрағасының бірінші орынбасары баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Өзбекстанның Қазақстаннан үйренері көп», – дейді Садык Сафоев. 

Өйткені біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына әлдеқашан енген. Қазақ жеріне инвесторлардың ағылып келуі экономиканың ілгерілеуіне негіз болды. 

Осы бағыт оңтүстіктегі көршілердің қызығушылығын тудырып отыр. Екі ел арасында Парламентаралық комиссия құрылған. Бірлескен бірнеше жол картасы да жасалды. Соның арқасында тауар айналымы 30 пайызға артқан. 

Садык Сафоев, Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары: 

- Қазақстанның маңызды тәжірибесін үйренбекшіміз. Бұл жергілікті атқарушы билік өкілдерінің, яғни қала әкімдерінің инвестиция тарту тұрғысындағы нәтижелі жұмыстары. 

Олардың қалталы кәсіпкерлерге жасалатын оңтайлы ұсыныстарын меңгеру ойда бар. Қазақстанның тәжірибесі біз үшін өте маңызды. 

Дереккөз: 24.kz

18 қаңтар 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.