15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 42 минутта «ҚазТрансойл» АҚ Құлсары басқармасының Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясында электрмен қамтушы мекеме тарапынан кернеудің төмендеп кетуі нәтижесінде мұнай төгіндісі орын алды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі хабарлағандай, №7 мұнай қыздыру пешінің электр жетегі ысырмасы толық ашылып, апатқа қарсы қорғау жүйесі іске қосылған. Нәтижесінде мұнай дренаж ыдысы мен қар басқан топыраққа төгілген. Қазіргі кезде бүкіл мазутталған топырақ тазартылып, жер құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Төгілген мұнай көлемі нақтылануда.
Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға Өзен – Атырау – Самара магистралды мұнай құбырынан өтетін мұнай тасымалына әсер етпеді. Оқиға орны тұрғын аудандардан шалғайда орналасқан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Куәгерлер бейнежазбасы